ФЕРҒАНАЛЫҚ ИНВЕСТОР ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ИНВЕСТИЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ

Өзбекстан Республикасы Ферғана облысы әкімінің орынбасары Хуршиджон Ахмедов бастаған делегация арнайы Түркістанға іссапармен келді.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы өзбекстандық делегацияны күтіп алып, түркі елдерінің басын қосатын “TURAN” АЭА-ның артықшылығы мен мүмкіншіліктерін таныстырып, инвесторлардың жобаларын тыңдады.

Өзбекстан Республикасы бойынша тоқыма класстерінің 40 % Ферғана облысы құрайды. Өзбекстандық инвестор, «Tricolor Textile» компаниясының директоры Бахтиёр Садиков Түркістан облысынан текстиль класстері бойынша фабрика ашуға, 10 млн. АҚШ долларға инвестицияға құюға ниетті екенін жеткізді.
Ол үшін шиттен дайын өнімге дейінгі класстерді дамытуға жер сұрады.
Сонымен бірге, ауылшаруашылығы бойынша 20 млн. АҚШ долларын құюға дайын екенін айтты. Ол ірі қара мал бордақылап, түркістандық кәсіпкермен өзара келісім арқылы бірге жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.
Өз кезегінде Ферғана облысы әкімінің орынбасары Хуршиджон Ахмедов “Түркістан-Ферғана” бағытында әуетасымалын ашуды ұсынып, екі облыстың туристеріне керемет мүмкіншілік боларын жеткізді. Алдағы Өзбекстан елінде өтетін бизнес форум аясында Түркістандық инвесторларды өз елімізде күтеміз, жаңа жобалар талқылауға дайын екендерін жеткізді.

Айта кетейік, жақында Инвестиция және экспорт басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Абдразақова бастаған делегация Өзбекстанға арнайы іссапармен барып, мақта кластері бойынша бірқатар компаниялармен келіссөздер жүргізген болатын.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі