ТАЛАНТТАРЫМЫЗ ТАҒЫ ДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ⠀

Алматы қаласында өткен Халықаралық «ART SILK WAY» өнер байқауында Оқушылар «Үміт» сарайының «Аяла» театрының жас өнерпаздары «Замана ақыры» композициялық шығармасын жоғары деңгейде орындап, Бас жүлдені жеңіп алды.⠀
⠀Сонымен қатар Іңкәр Жұманалы эстрадалық вокал жанры бойынша Бас жүлдені жеңіп алса, ⠀
Айым Серікқали мен Ернияз Рамазан ән айтудан 1 және 2 орындарды иеленді. ⠀Дарынды оқушыларды дайындағаны үшін жетекшісі Алия Алимкулова арнайы дипломмен марапатталды.

Меркі Ауданы Әкімдігі