Тууды, неке қиюды мемлекеттік тіркеу жөніндегі қызметті тұтынушылар саны күн сайын артып келеді.

Осыған байланысты қазіргі таңда осы куәліктердің бланкілерінің жетіспеу жағдайы туындап отыр.
Әділет Министрлігі Қаржы департаментімен бірлесіп, қосымша куәлік бланкілерін дайындау бойынша жұмыстар жүргізуде. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік бланкілерінің есебін жүргізу облыстың аумақтық Әділет органының құзырында.
Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер арнайы корғау дәрежесін талап ететін қатаң есептілік кұжаттары болып табылады.
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 178-бабына сәйкес, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер мен анықтамалар өздеріне қатысты акт жазбасы жасалған адамдарға электрондық нысанда немесе олардың қалауы бойынша қағаз жеткізгіште азаматтық хал актілері мемлекеттік тіркелгеннен кейін беріледі.
Қызметтерді тұтынушылар құжаттардың электрондық нұсқасын eGov mobile және Kaspi.kz мобильдік қосымшалары арқылы алуына болады.
Жергілікті атқарушы органдар (қалалық, аудандық әкімдіктер) бала тууды және неке қиюды мемлекеттік тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызметті керсетуші болып табылады.

Талас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі