Сарысу ауданы Жаңатас қаласында дәрігерлік амбулатория ашылды
Бүгін Жаңатас қаласы Дегерес елді мекенінде 30 келушіге арналған жаңа амбулаторияның ашылу салтанаты өтті.
Аудан тұрғындарын қуанышымен аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев пен облыстық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Дәулет Ахметбеков құттықтап, аудан қариялары ақ баталарын берді.
Әрбір мемлекеттің болашағы, дамуы, гүлденуі оның дені сау, білімді, азаматтарына байланысты. Халық денсаулығын жақсарту мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Биылғы жылдың өзінде 3 медициналық мекеме ашылды. Бүгін ашып отырған Дегерес елді мекендегі амбулаториядан қажетті әрі сапалы медициналық қызметті алуға мүмкіндік бар, — деген аудан әкімі ғимаратты салған кәсіпкерге алғысын айтты.
Салтанатты ашылуынан кейін қонақтар жаңа ғимараттың ішін аралап көрді, жаңа үлгідегі жабдықтармен танысты.
Заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған денсаулық сақтау нысанының жалпы құны 132,3 млн теңге. Бас мердігер — «AKM GROUP» ЖШС.
Сарысу ауданы әкімдігі