Жастар ісі жөніндегі Кеңес отырысы өтті

2022 жылдың 21желтоқсан күні Жуалы ауданы әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңес отырысы өтті. Аталған кеңес отырысында аудан әкімі, кеңес төрағасы Ж.Мұртаза төрағалық жасады. Кеңес жұмысына кеңес мүшелері, аудандық мәслихат хатшысы Тлеубеков Ерғали Өтемісұлы және ауылдық округ әкімдері мен мекеме басшылары, жастар ісі жөніндегі инспекторлар, жастар клубтарының төрағалары, қоғамдық ұйымдардың төрағалары, БАҚ өкілдері қатысты.

⚪ Кеңес отырысында негізгі төрт мәселе талқыланды. Олар:
Бірінші мәселе: «Мыңбұлақ ауылдық округінде мемлекеттік жастар саясатының орындалуы туралы»;
Екінші мәселе: «Аудан жастарының жұмыспен қамтылуы туралы»;
Үшінші мәселе: «Жуалы ауданында мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы туралы»;
Төртінші мәселе: аудан әкімдігінің жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңестің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы;
Бірінші мәселе бойынша Мыңбұлақ ауылдық округінің әкімі А.Рахмашев, екінші мәсле бойынша «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры З.Бурлибаев және үшінші мәселе бойынша «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры М.Телеушов баяндама жасады.
⚪ Жастардың ұсыныс-пікірлері мен мәселелері кеңінен талқыланған Кеңес отырысының соңында аудан әкімі Ж.Мұртаза алдағы уақытта Кеңес отырысының хаттамалық тапсырмаларын өз деңгейінде орындалуын қамтамасыз етуді және ауылдық округ әкімдері мен бірқатар мекеме басшыларына Жамбыл облысында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бағытындағы «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасы жоспарының өз деңгейінде орындалуын бақылауда ұстауды тапсырды.

Жуалы ауданы әкімдігі