ТАРАЗДА ЭКСПРЕСС-ТЕСТ ШЫҒАРАТЫН КӘСІПОРЫН ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

2020 жылдан бастап облыс орталығында экспресс-тесттер шығаратын кәсіпорын жұмыс істейді. «Әмір және Д» ЖШС COVID-19 антигенін, жұқпалы ауруларды, жүрек маркерлерін, есірткі заттарын және аллергендерді диагностикалауға арналған 200-ден астам экспресс-тест шығарады. Өндірістік қуаттылығы жылына 15 миллион экспресс-тест пен 1,5 миллион бақылау ерітіндісін құрайды. Кәсіпорында 55-70 адам жұмыс істейді.

Тараз қаласының әкімдігі