ҚАҢТАР ОҚИҒАСЫ БІЗДІҢ ТАРИХЫМЫЗДЫҢ ҚАЙҒЫЛЫ ПАРАҒЫ

Қаңтар оқиғасы біздің тарихымыздың қайғылы парағы. Бұл қасіретті оқиға халықты одан сабақ алуға үндейді. Бүгін қасіретті Қаңтар оқиғасының құрбандарына арналып «Тағзым» мемориалы ашылды. Президентіміз арнайы барып ескерткіштің ашылу рәсіміне қатысты.
«Тағзым» мемориалы қаза тапқандар мен зардап шеккендерді, сол бір қасіретті күндерді еске алатын орынға айналып отыр.
Ең бастысы оқиға орын алған кезде Мемлекет басшысы жағдайды бақылауға алып, Тәуелсіздігімізге төнген қауіптің алдын алды. Біз әрқашан қаңтардағы қайғылы оқиғаны есте сақтап, бұдан үлкен сабақ алуымыз қажет.
Енді мұндай қасіретті жағдай болмасын деп тілейік. Ынтымақ пен бірлік, тұрақтылық біздің басты ұстанымымыз болу керек.
Қырғызбаев Сахарай
Сарысу ауданының Құрметті азаматы