Н.Нұржігітовтың Жаңа жылдық шыршасы өтті

Келе жатқан мерекеге орай Жамбыл облысы әкімі Н.Нұржігітовтың Жаңа жылдық шыршасы өтті.

Аталмыш шараға ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар, сонымен қатар, оқуда, спортта, шығармашылықта және қоғамдық өмірде жетістікке жеткен 100 балақай қатысты.

Шырша мерекесінде жүздері бал-бұл жанған балаларға облыс әкімінің құттықтау хаты, тәттілер жиынтығы мен 60 мың теңге сомасындағы сертификаттардан құралған жаңажылдық сыйлықтар табыс етілді.

Тараз Жиырма Төрт