ЕҢБЕК ЕЛЕНЕДІ
Өңіріміздің экономикасына зор үлес қосып келе жатқан Казфосфат мекемесінің бірқатар қызметкерлерін қала басшысының алғыс хаттарымен марапаттадым.
Аталған мекеме жұртшылық алдында 2022 жылғы атқарған жұмыстарының есебін беріп, келер жылғы жоспарларымен бөлісті.
Өндірістік мекеменің әлеуметтік бағдарлануы қуантады — 1 қаңтардан бастап барлық жұмысшыларының жалақыларын көтеру, тұрғын-үймен қамтамасыз ету және жұмысшыларға басқа да әлеуметтік мәселелердің шешілуі.
Бакдаулет Сариев