ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА — ЕРЕКШЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
27 желтоқсан күні 2038 әскери бөлімі және жеке кәсіпкер Аманбаев Станислав пен Сатышевтар әулетінің қолдауымен мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығының балаларына арналған «Қош келдің Жаңа жыл» мерекесі ұйымдастырылды. Бұл балалар үшін есте қаларлықтай іс-шара болды.
Ертегі кейіпкерлері мүмкіндігі шектеулі балалардың көңілін көтеріп, көп күттірмей ортаға Аяз ата мен Ақшақар келіп балалармен ән айтып, ойындар ойнады.
Өздеріне таныс әуендерге би билеп, Аяз атаға арнаған тақпақтарын тамашаладық. Мекеме балаларға үнемі қамқорлық жасап жүрген демеушілерге алғыстарын жеткізді.
Қордай ауданының әкімдігі