ҚАРТТАР ҮЙІНДЕГІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРА

Жаңа жыл қарсаңындағы қайырымдылық шаралар одан әрі жалғасуда. Қарттарын сыйлаған елдің болашағы қай кезде де даңғыл болмақ.

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Есмаханов бастаған, құрамында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары мен жастар өкілдері бар бір топ аудан азаматтары Қаратау қаласындағы №3 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып қайтты.
Аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Есмаханов Қарттар үйіндегі қариялар мен аналарды Сарысу ауданы жұртшылығының және аудан әкімінің атынан алдағы келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ өмір тіледі.
Шара барысында қарияларға арналған мерекелік дастархан ұйымдастырылып, тәтті сыйлықтар таратылды.
Ауданның көркемөнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынып, әннен шашу шашты.
Қариялар да өз кезегінде Сарысулықтарға шынайы ризашылығын білдіріп, еліміздің мәртебесі асқақтап, келер ұрпақтың болашағы жарқын болуын тіледі.

Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі