Ат спорты жанашырлары ұлықталды

Бүгін аудан әкімі М.Сұлтанғалиев ат спортының дамуына үлес қосып, үздік шеберлік танытқан жасөспірімдерді қабылдады. «Халықтың сипатын айқындап, болмысын танытатын құндылығы ол – ұлттық спорт, оны тану және дамыту. Өз ұлтының спортын, ойынын біліп өскен ұрпақ оның болмысын таниды, ұлтына деген құрметі оянады, сендердің осы спорт түрін таңдап, үлес қосып жүргендерің үлкен ерлік»,−деді аудан әкімі.
Кездесу соңында жасөспірімдерді марапаттады.

Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі