«Жыл үздігі — 2022»

28 желтоқсан күні Тараз қаласында өткен Жамбыл облысында спорт саласындағы үздіктері марапатталды. «Жыл үздігі – 2022» спорттық номинацияларды тапсыру салтанатына облыс әкімі Нұржан Нұржігітов қатысты.

Өзінің құттықтау сөзінде аймақ басшысы өңірдегі жетістіктерге, атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталды.
— Қасиетті Әулиеата өңірінің жақсы спорттық дәстүрі мен жеңісті жолдары ежелден қалыптасқан. Сол дәстүрді жоғалтпау, сол абырой биігінен түспеу біздің алға қойған міндетіміз екенін естен шығармау керек. Облыстың барлық қалалары мен аудан орталықтарында, сондай-ақ, ауылдарда заманауи спорт кешендері қоланысқа беріліп, өз жұмысын атқаруда.
Бұдан соң облыс әкімі жылдың үздіктерін түрлі аталымдар бойынша марапаттады.
Аталған «Жыл үздігі — 2022» номинациясы бойынша Қордай ауданы Әлжан ана ауылындағы спорттық сауықтыру кешені үздік спорт кешені атанды.

Қордай ауданының әкімдігі