Ресми ақпарат

2023 жылдың 3 қаңтар күні Жамбыл облысының Талас ауданында қатты дауыл орын алып, оның салдарынан алдын ала есептеулер бойынша Қаратау қаласындағы 7-8 көпқабатты тұрғын үйдің шатыры зақымдалған.
Бүгінгі таңда қолайсыз ауа-райынан зардап шеккен адамдар тіркелмеген.
Қаратау қаласындағы тұрғын үйлерге жылу, электр энергиясы қалыпты режимде берілуде.
Облыс әкімінің орынбасары Ерболат Ибрайханов бастаған жедел штаб Талас ауданында дауылдан болған шығындарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізуде.

Жамбыл облысы әкімдігі