Қаратау қаласындағы тұрғын үйлерге жылуы мен газ тұрақты берілуде

2023 жылдың 3 қаңтар күні Жамбыл облысының Талас ауданында қатты дауыл орын алып, оның салдарынан алдын ала есептеулер бойынша Қаратау қаласындағы 7-8 көпқабатты тұрғын үйдің шатыры зақымдалған.
Бүгінгі таңда қолайсыз ауа-райынан зардап шеккен адамдар тіркелмеген.
Қаратау қаласындағы тұрғын үйлерге жылуы мен газ тұрақты берілуде. Электр энергиясы қалыпқа келтірілуде 2-3 сағат көлемінде тұрақты беріледі.
Облыс әкімінің орынбасары Ерболат Ибрайханов бастаған жедел штаб Талас ауданында дауылдан болған шығындарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізуде.
Қаланың ішкі көшелерінде жол қозғалысына кедергі келтіретін құлаған тал-дарақтардан тазартылуда….