Ешкі сүті 99 түрлі ауруға ем
«Қойдың сүті – қорғасын, ешкі сүті – ем» деп, қазақ халқы ешкі сүтінің ағзаға пайдалы екенін ерте заманнан білген. Ешкі сүті А, В, С, D, Е витаминдерінің, басқа да микро және макро элементтерінің қайнар көзі болғандықтан, адам ағзасына өте пайдалы. Бұл жануардың сүті сонымен қатар, белгілі бір аурумен ауыратын науқастар үшін тиімді табиғи дәрі болып табылады.
Аллергия. Аллергияға бейім адамдарға сүт өнімдері жақпайтыны бәрімізге белгілі. Мұндай науқастар әсіресе сиыр сүтін пайдалана алмайды. Себебі сиыр сүті – аллергияның қоздырушысы. Бірақ ағзаға сүт қажет. Оны 100%-ға алмастыра алатын өнім – ешкі сүті. Мұны түсіндіру оңай: ешкі сүті, біріншіден, аллергияны қоздырмайды, сонымен қатар аллергияға бейім адамдардың ауруын түбімен жоятын қасиетке ие. Ағзаны қалпына келтіруге де көмектеседі.
Ешкі сүтіндегі май түйіршіктері сиыр сүтіне қарағанда өте төмен. Сондықтан адам ағзасына түскен ешкі сүті тез қорытылады. Ол түрлі факторлардың салдарынан әлсіреген ағзаға өте пайдалы. Онымен қоса, ешкі сүтінің құрамында калийдың мөлшері өте көп. Сүт құрамындағы бұл элемент, әлсіреген ағзадағы жүрек-қан тамыр жүйесі жұмысына өте қажет.
Сүйекке пайдасы. Ешкі сүтінің құрамында сүйек тіндерін қатайтатын кальций және Д тобындағы витаминдер қоры жеткілікті деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Сондықтан дәрігерлер балаға 1 жасынан бастап, рахит ауруының алдын-алу және оны емдеу үшін ешкі сүтін беруді ұсынады. Сондай-ақ дәрігерлер мен ғалымдардың дәлелдеуінше, бұл ешкі сүтін сүйегі сынған адамдар күніне 1 стаканнан ішіп тұрса, сүйегі бітіп, қалпына келу процесі екі есе жылдам болады.
Ішек дисбактериозында. Ешкі сүтінен жасалған өнімдер ішек жұмысын қайта қалпына келтіруіне көмектеседі. Сондықтан бұл дерттен тезірек айығу үшін міндетті түрде ешкі сүтін ішіп, одан жасалған өнімдерді тамақ рационыңызға енгізіңіз.
Асқазан және ішек ауруларында. Асқазан және ішек ауруларының кез келген түріне ешкі сүті пайдалы. Оның құрамындағы лезоцин – асқазан және ішектегі шырышты қабақ жараларын емдейді. Сонымен қатар асқазан сөліндегі қышқылды бейтараптандыратын ерекше қасиетке ие. Егер асқазан жарасы зардабын тартып жүрсеңіз, онда сізге ешкі сүтін ішу арқылы емделетін мынадай амал көмектеседі:
Күн сайын таңертең ашқарынға ешкінің бір стакан шикі сүтін ішіңіз. Содан кейін әр кезде ұрттай жүріп, кешке дейін екі стакан сүтті тауысу керек. Емдік курс – 21 күн.
Ешкі сүті диатез дерті кезінде де көмектеседі. Қазіргі кезде көптеген балалар мен балалардың ата-аналары диатез және терінің қабынуы сияқты дерттерге тап болып жатады. Мұндай ауруға шалдыққан бала қиналатындығы мен оның емделуі ұзақ уақыт алатындығын ата-аналар біледі.
Бұд дерттен ешкі сүтін ішіп, біржола арылуға да болады. Дәрігер-педиатрлардың анықтауынша, ешкі сүтін жиі ішетін балалар диатез дертіне шалдықпайды екен. Сондықтан балаға үзбей ешкі сүтін беріп, түрлі аурулардың алдын алған дұрыс болар.
Ұйқы безінің қабынуында. Бұл дертке шалдыққан науқас күніне жарты литр шикі сүтті тамақ алдында, 2 ай бойы ішуі керек.
Халықтық медицинада қант диабетімен ауыратын науқастарға ешкі сүтімен жүргізілетін емдік тәсілдер өте көп, соның бірі мынадай – күні бойы, әр екі сағат сайын ешкі сүтін үзбей ішіңіз. Мүны аптасына 1-2 рет жасау керек. Бірақ мұндай ем жүргізген кезде дәрі-дәрмек ішпуге болмайды деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті.
Ешкі сүті қатерлі ісік ауруының алдын алып, оның жеңіл түрлерінен айықтыратын қасиетке де ие. Сондай-ақ, иммунды жүйені нығайтады.
Ешкі сүті жүкті әйелдер мен емізулі бала үшін де өте керек қорек: құрамындағы витаминдер, микро және макро элементтері ана ағзасы мен жатырдағы бала үшін өте пайдалы азық болып табылады. Ондағы кальций баланың сүйегін дұрыс қалыптастыруға септігін тигізсе, болашақ ананың тістерінің түсуі және тырнақтарының сынуын болдырмайды екен. Ал емізулі әйелдер күнделікті ешкі сүтін пайдаланса, өзінің ғана емес, баланың ағзасын да витаминдер қорымен байытып, сүйектерін қатайтады. Ешкі сүтін үзбей ішетін емізулі ана қаназдық дерті мен витаминнің жеткіліксіздігінен зардап шекпейді.
Артық салмақтан арылғысы келетіндерге де пайдасы бар. Ешкі сүті майлы болғанымен, ағзаға май жинамайды. Ал құрамы витаминдерге өте бай. Бұл сусын диета ұстап жүрген адам ағзасын түрлі витаминдермен қоректендіреді.
Терідегі түрлі бөртпелер мен дақтарды кетіруде ешкі сүті табиғи тазартқыш құралы болып табылады. Шикі сүттен бетті сүртуге болады. Сонымен қоса ол теріні ағартады. Шашты жуған кезде ешкі сүті қосылға сумен шайып тұрса, шаштың түсуін тоқтатады екен.
Сиыр сүтіне қарағанда, ешкі сүтінде В12 витаминінің құрамына кіретін кобальттың мөлшері 6 есе көп. Ал калийдың жоғары мөлшері жүрек-қан тамыр жүйесінің қызметіне оңды әсер етеді.
Калий мен магний ағзадағы зиянды элементтерді: стронций мен радионуклидті шығаруға көмектеседі. Сондықтан әсіресе қала тұрғындарына ешкі сүтін ішу ұсынылады. Магний жетіспеушілігі қауіпті ауруларға соқтыруы мүмкін деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Адам ағзасы тәулігіне 400 миллиграмм магний қажет етеді. Осы қажеттілікті ешкі сүтінен алса, холестеринді азайтып, бүйрекке тас жиналудың алдын алады. Сондай-ақ қан қысымы қалпына келеді.
Ешкі сүтін Гиппократ құрт ауруымен ауыратын адамдарға ем ретінде ішуді ұсынса, Ибн Сина айналасындағыларға: «Қартайғанда балаларыңның алдында мүсәпір халге жеткілерің келмесе, ешкі сүтін ішіңдер», – деп, оның ағзаның саулығы мен ұзақ жасауда пайдасы зор екенін атап өткен.
Педиатрияда, жаңа туған нәрестенің іш жүруін қалыпқа келтіру үшін, ең бірінші осы ешкі сүтін береді. Ешкі сүті ана сүтін алмастыра алады. Бірақ, әрине, баланы ана сүтінен айырмаған жөн.
Жалпы, ешкі сүтінің суық тигенде тез жазылу үшін де пайдасы мол. Дегенмен ем іздеймін деп, ауруға ауру қосып алмаңыз. Ешкі сүтін танымайтын адамдардан, кез-келген жерден сатып алуға болмайды, бруцеллез ауруының инфекциясын жұқтырып алуыңыз да мүмкін. Ішек ауруларынан сақ болу үшін сүтті жақсылап қайну керек.
Жарас ҚАСЫМ.
«Ауырмаңыз!» газеті.
(Мақаланы көшіріп басқанда «Ауырмаңыз!» газетінен алынды» деп сілтеме беру міндетті. Авторлық құқық қорғалған!)