ТӨСБЕЛГІ ТАБЫС ЕТІЛДІ

Байзақ ауданы және облысымыздың Құрметті азаматы, жерлесіміз Нілзия Рахышева «Amanat» партиясының атынан «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталды. «Өтеміс» балабақшасында өткен кездесуде марапатты «Amanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Шолпан Байтақова тапсырып, «Ақбұлақ» қоғамдық бірлестігін басқарып отырған ардақты ана, қоғам белсендісі Нілзия Алғазықызының ерен еңбектеріне тоқталып өтті.
Сонымен қатар өмір жолында қандай қызмет атқарғандығын кеңінен айта келіп, еліміз, облыс, ауданымыз үшін аянбай еткен еңбектерін тізбектеді. Кезінде облыстық, Мойынқұм, Талас аудандық партия комитеттерінде басшылық қызметтер атқарып келген ардақты жан Н.Рақышеваның ілкімді істері бәрімізге үлгі. Өзі басшылық етіп отырған «Өтеміс» балабақшасының жетістіктерін, «Ақбұлақ» қоғамдық бірлестігінде жақсы жұмыстар атқарылып жүргенін де айта кеткен жөн.
Жиын соңында «Өтеміс» балабақшасы тәрбиеленушілерінің орындауында «Көк тудың желбірегені» әні шырқалып, балғын бүлдіршіндер биден шашу шашты. Нілзия Алғазықызының марапатына әріптестері құттықтауларын жолдап, ізгі тілектерін арнады.

Арайлым НАРБАТЫРОВА.