Бүгін Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күні
Дінмұхамед Қонаев – КСРО да ең биік саяси лауазымға ие болған алғашқы қазақ. Ол КСРО ның ішкі және сыртқы саясатын басқаратын 15 мүшелік политбюро мүшесі болған.
Отбасында 11 баланың 4-шісі.
Бойы 198 см. 46 өлшемдегі аяқ киім киген.
Хобби: қару-жарақ коллекциялаған, аңшылықты ұнатқан.
▪️Қонаевтің жеке күзетшілері болмаған. Басқалары жеке күзетшілерімен жүргенде Қонаев жай ғана таңертең жұмысына жаяу барып келіп жүрген.
✅Академик шені үшін 340 рубльдік төлемақыдан бас тартқан.
Шағын пәтерінде (қазір мұражай) 24 жыл өмір сүрген, пәтер ауданы 200 шаршы метр.
Кезінде Леонид Брежнев (КСРО басшысы) Алматыға бірінші рет келіп, Қонаев үйіне қонаққа келеді. Пәтерін ары аралап бері аралап: «Бар дүниең осы ма?»– деп таңданады.
Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі