ДЕҢГЕНЕ дегеніміз не?
Қазақта сайыс ретінде ұйымдастырылатын салт-дәстүрлерінің бірі. Солардың бірі – «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» кітабында көрсетілген «деңгене» дәстүрі.
Көрші ауылдан келген үш-төрт жігіт алдымен түсетін үйін сайлап алып, сол үйдің жанына барып «Деңгене! Деңгене жеуге келдік» деп айғайлайды. Ал үй иесі бұл сөзді естіген соң, семіз бір қойды сойып, етін түгел қазанға салдыртады. Деңгене дәстүрі бойынша келген жігіттер сол қойдың етін түгелімен жеп, сорпасын ішуі керек. Тауыса алмаса, бір қойды екі қой қылып қайтаруға мәжбүр болған.
Әзірлеген: Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының қызметкері
Бүркітбаева ГҮЛГАУҺАР