ҚЫЗ БАЛА МЕН ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ ТУРАЛЫ ҚАЗАҚТЫҢ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІ
Бір қыз күйеуге шықса,
Қырық қыз түс көреді.
Қыз өссе — елдің көркі
Гүл өссе жердің көркі.
Қайтып келген қыз жаман,
Қайта шапқан жау жаман.
Қыз бала өкпешіл болса,
Қалың малы көп болар.
Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді келеді.
Қызды қымтап ұстаған ұялмайды.
Күйеу жаман болса қызыңнан.
Қыздың ұяты шешеге.
Қызды асырап білмеген күң етер,
Жібекті түте алмаған жүн етер.
Қызым саған айтам,
келінім сен тыңда.
Шешесіне қарап қызын ал,Аяғына қарап асын іш.
Қызға қырық үйден тыйым.
Қыз күнінде бәрі жақсы,
Жаман қатын қайдан шығады.
Қыз — өріс, ұл — қоныс.
Екі ауылдың арасын жол қосады,
Екі елдің арасын қыз қосады.
Қыздың жолы жіңішке.
Қыздың қырық жаны бар.
Судың түбін шым бекітер,
Даудың түбін қыз бекітер.
Ақылды қыз білімге жүгірер,
Ақылсыз қыз сөзге ілігер.
Қырсыққан қыз бай таппас,
Қырсыз жігіт мал таппас.
Жақсы қыз — жағадағы құндыз,
Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз.
Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы