КҮЙДІҢ ҚҰДІРЕТІ ТУРАЛЫ
Күйде халықымыздың мұңы мен зары, қуыныш мен қайғысы, аңсаған арманы, іздеген мұраты бейнеленген. Бұрын күйді орындамас бұрын күйші оның мазмұнын түсіндіріп, «Ал енді домбыраның қалай айтатынын тыңдаңыздар» дейтін. Бүгінгі таңда күйлердің кіріспе сөздері жоғалып, тек әуен орындайтын болды. Ал күйдің тілін түсінер болсақ, бүкіл дала тарихын түсінер едік.
Дина Нұрпейсова (1861-1955) Дина-дәстүрлі халық профессионалдарының өнерінен сусындап, үлгі-өнеге алған ұлы күйшілердің соңғы буыны.
Дина, біріншіден, халық композиторларының күйлерін бізге жеткізген шебер орындаушы. Күй атасының жолын қуған Дина өзінің ұлы ұстазы Құрманғазының күйлерін шебер орындаумен қатар Ұзақ, Есжан, Байжұма, Дәулеткерей,Түркеш, Әлкейдің күйлерін тартқанда жан салмайтын. Динаның өзінің шығарылған күйлерінің көпшілігі оның өмірінің сәттерімен тығыз байланысты.
Дина Нұрпейісованың «Бұлбұл» күйі туралы, көпшілік біле бермес Дина апамыздың бұл туындысы бұл-бұл дауысты қыздың тағдырынан сыр шертеді. Өмірде әбден әділетсіздікке ұшыраған нәзік жанды арудың кәусар бұлақтай таза да сыңғыр даусы болған. Оның әнін естіген жанның құлақ құрышы қанып, тыңдаушының жаны тербелген. Осы бір мұңды хикаяны күймен жеткізген Дина Нұрпейісованың шығармашылығы әлі күнге дейін толықтай зерттелмеген. Сол себепті қызықты фактілер мен біз білмейтін деректер жетерлік.
«Бұлбұл» күйін Дина апамыздың өз орындауында тыңдағандар бұлбұл құсының сайрауын естігендей болады. Мұндай шеберлік тек сол кісіге ғана тән. Дина Нұрпейісованың туындыны шығарған кезде құстың табиғи дауысын бергісі келген деседі. Күй сонысымен құнды. Сондай-ақ шығармада адамның сезімі, ойы мен үміті жатыр. Оптимистік рухқа толы Динаның творчествосын тыңдаушысын үнемі өмір мен күреске шабыттандырады.
Әзірлеген: орталықтың қызметкері Бүркітбаева Гүлгауһар
Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы