МӘДЕНИ БІРЕГЕЙЛІК – ЕЛДІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ НЕГІЗІ

Мәдениет пен мәдени әлеуетті дамыту әлемнің көптеген халықтары мен мемлекеттері дамуының негізгі басымдықтарының бірі.
Мәдениет бүгінде рухани және ұлттық бірлікті қалыптастыруда күшті құрал болып табылады.

Бүгін Түркістан ауылдық округіндегі Арыстанды ауылында «Мәдени бірегейлік – елдің бәскеге қабілеттілігінің негізі» атты кездесу жиыны өтті.
Жиында «Барбанг» күрді этно-мәдени орталығының жетекшісі К. Айдаров баяндама жасап, ел мәдениетінің рухани құндылықтарды дамытумен қатар, ел бірлігін дамуындағы маңыздылығына тоқталды.
Мәдениеті жоғары елдің бәсекеге қабілетті болатындығын атап өтті.
Жиынға қатысушылар өзара пікір алмасты.

Сарысу ауданы әкімдігі