Жігіттерге сыр:
“Қыз алсаң – Шығыстан ал! Қалың малы аз деме. Аялай білсең – аруың, қадірін білмесең – бас ауруың! Жауласса – жықпай тынбайтын, достасса – жанын берер ұрпақ өсіресің”
“Қыз алсаң — Батыстан ал! Қалыңмалсыз деп қамықпа. Есесіне, ел шетін жаудан қорғайтын батыр ұрпақ тәрбиелейсің!”
Қыз алсаң – Оңтүстіктен ал! Қымбат деме. Көп қалыңмал – қазақы, епті, керемет ұрпаққа салған алғашқы инвестициям деп есепте. Сәл күтсең – қайтарымы 40 есе!»
“Қыз алсаң – Сарыарқадан ал. Ақандай сұрапыл, Жаяудай қызыл тіл, Балуан Шолақтай ұрпақ өсіресің!”
“Қыз алсаң – Жетісудан ал. Сүйінбайдай сұңғыла, Бекболаттай батыр, Райымбектей ержүрек ұрпақ өнеді”.
“Қыз алсаң – Солтүстіктен ал! Сәбиттей сезімтал, Ғабиттей ғаламат, Айғанымдай асыл ұрпақ өсіресің!”
“Қыз алсаң – Қазақтан ал! Ары биік азамат, жүрегі жыр салтанат, ғұмыры ғажап махаббат ұрпақ өсіресің”.
Үйлен қазақ, көбей қазақ!