БИЫЛ «КҮМІС ЖАС» ЖОБАСЫНА 747 АЗАМАТ ҚАТЫСАДЫ

2022-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба іске асырылуда. Осы бағдарлама аясында жаңа жоба енгізілген «Күміс жас» жобасы. Бұл жобаға зейнеталды жастағы жұмыссыз адамдар қатысады.
Қатысу мерзімі «Күміс жас» жобасы бойынша 12 айдан аспайды.
«Күміс жас» жобасы шеңберінде жұмысқа орналасқан адамдар үшін субсидияның ай сайынғы мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде жалақы мөлшерінің 50 %-ын құрайды, бірақ 30 (отыз) АЕК-тен аспайды. Облыс бойынша осы жоба аясында орташа төлем ақының көлемі 140-180 мың теңге құрайды, оның 50 пайызы жұмыс беруші, қалған 50 пайызын республикалық бюджеттен төленеді.
2022 жылы Күміс жас жобасына республикалық бюджеттен 97,4 млн теңге қарастырылып, толығымен игерілді. Бұл жоба аясында 249 адам жолдауға жоспарланып, жылдың қортындысымен 281 адам жолданды. Аталған жоба аясында жұмыссыздар мал шаруашылығы, күзетші, тігінші және т.б. мамандықтар бойынша ұйымдастырылған.
2023 жылы Күміс жобасы бойынша облыста 747 адам жолдануға жоспарланып, 479,4 млн теңге қарыстырылды.

Жамбыл облыстық жұмыспен Қамту басқармасы