БАЛАЛАРҒА ҚҰЛАҚ, КӨЗ, ТІЛ, ТАҢДАЙ БЕРУДЕ НЕ СЫР БАР?
Қазақ салтында, өздеріне қойдың басын тартқан ақсақалдар мен қой-ешкінің басын мұжыған үлкен кісілер балаларға игі мақсатпен құлақ, көз, таңдай, тіл береді.
Құлақ беру
Бата жасап, бас кескен қариялар, алдымен, бастың езуінен бір кесіп алып өзі ауыз тиген соң, бастың оң жақ құлағын кесіп алып, үйдегі жасы ең кіші балалардың біріне: «Мə, балам, құйма құлақ бол, сөз тыңда, үлкендердің лебізін жерге тастамайтын жақсы азамат бол!» – деп береді. Міне, бұл «құлақ беру» деп аталады.
Қариялардың балаларға құлақ кесіп беруінің үлкен тəлім-тəр биелік жəне ғылыми мəні бар. Яғни, жасынан қариялардың қолынан құлақ жеп, өсиеттерін тыңдап өскен бала үлкенді сыйлап, кішіні аялайтын, сөз тыңдап, сөз қадірін түсінетін, ақылды, білімді азамат болып есейеді. Əдепті, ибалы болуға дағдыланады.
Көз жегізу
Әдетте білікті, тəрбиелі үлкен кісілер бас мұжығанда «көреген болсын, əділ болсын» деген ниетпен, бастың екі көзін алып, өзі қалаған балалардың біріне: «Мə, балам!
Көреген көсем бол, қара қылды қақ жарар əділ бол, халқыңа алаламай тең қара!» деп оған беріп жегізеді. Міне, бұл «көз жегізу» делінеді. Қазақ халқы екі көзді бір адамға береді.
Екі көзді екі адамға берсе, алакөз болады немесе əділдіктен тайып, бұра тартады деп қарайды.
Көзді үлкендерден игі тілек тыңдап отырып жеген бала қырағы, сергек, көреген, халыққа тең мəміле жасайтын турашыл, əділ адам болып жетілуге тырысады. Сондай-ақ, өзіне жан-жақты талап қойып, халықтың үміт-тілегін ақтауға құлшынатын ізгі ниетті азамат болып есейеді.
Тіл жегізу
Әдетте, көреген қариялар мен тəлімгер əжелер тілдің ұшын «дұшпанның тілі кесілсін» деген ниетпен кесіп тастап, онан соң «айтар сөзі көмекейіне кептеліп қалмайтын шешен болсын» деген ниетпен көмекейін тілден бөліп алып, тілді-жақты болсын деген бір балаға: «Мə, балам, үлкендердің тілін ал, жезтаңдай шешен бол!» деп тілді беріп жегізеді.
Міне, бұл «тіл жегізу» деп аталады.Тіл жеген бала ата-ана мен үлкендерге, халыққа жағуға, жақын дауға тырысады. Өзгелермен оңай тіл табысып, қоғамдық қарым-қатынасын нығайтып, досын көбейтіп, өрісін кеңейтеді. Көпшіл, халықшыл, əдепті, ибалы, мұратты адам болып өсіп жетілуге құлшынады.
Таңдай беру
Қазақ салтында, қойдың басын мұжып отырған үлкен кісілер бастың таңдайын алып, қатты қабыршағын аршып, онан соң, оны өзі қалаған бір баланың алақанын аштырып қойып: «Шешен бол! Бұл бұл көмей, жез таңдай əнші бол!» деп, таңдайды алақанына ұрып береді..,..
Сықақ Мақсаттың фб парақшасынан