ӨНЕР МЕКТЕБІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАБІЛЕТІН АШТЫ

Ауданымызға жұмыс сапарымен келген мемлекеттік орган өкілдері семинардан кейін өткізген соң «Ауыл – ел бесігі» жобасының жүзеге асырылуы барысын көрді.

Алдымен алқалы топ Аса ауылы Мұқан Төлебаев атындағы өнер мектебінің жай-күйін назарға алды. Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының айтуынша, ғимарат 1975 жылы салынғанын, бастапқыда кинокөрсетілім орталығы болған нысан соңғы жылдары қараусыз қалғанын, 2019 жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасымен күрделі жөндеуден өткенін, бүгінде орталық тәрбиленушілерді түрлі үйірмелерге машықтап, біліктілін шыңдауға өлшеусіз үлес қосып жатқанын жеткізді.

Орталықтағы 11 үйірмеге 1462 оқушы қатысады. 5 ауылда бөлімшелер бар.

Орталықтың жұмысымен танысқан ҚР Ұлттық экономика министрлігінің вице-министрі Бауыржан Омарбеков алдағы уақытта әлемге, елге танылған өнер майталмандары шығуына шынайы тілектестігін білдірді.

Жамбыл ауданы әкімдігі