ҚОРДАЙ ЖЕРІНІҢ ТАРИХТАН СЫР ШЕРТЕТІН ОРЫНДАРЫ:

ӘУЛИЕ ШОҚЫ

Бер жағы Соғанды мен Керудің, ар жағы Алмалының төбесіне төніп
тұрған биік таудың сонау ұшар басындағы жартасты шоқыдан айнала түгел
көрінеді. Төмендегі әр үй, қараң-құраң мал санап алғандай, Керуді былай
қойғанда, сонау Қаракемер, Сортөбе, Тоқпақ бір-бірімен жалғасып жатыр.
Ту алыста Қырғыз Республикасының Қант, Бішкек қалалары, оң қапталда
Қарақоңыз су қоймасының көгілдір айдыны көлкиді. Мына жағында күнге
шағылыса Шу өзені жалтырап, Еңбек, Қарасай ауылдары, одан әрі Быс-
тровка, Орловка (Қырғызстан) ап-анық көрініп тұрады. Теріскей тұтас
жайлаулар жоғарылап, Алматы облысының таулы қыраттарына ұласады.
Қасқасудың өр биігінен Алматы мен Бішкекті телеэфирде жалғастырып
тұрған ретранслятордың алып табағы күнге шағылысады.Төмендей
келіп Қараба, Көктөбе, одан да ылдилап қалың нулы Қарақоңыз орман
шаруашылығының жерлері көз тартады.
Таудың терістік беті жадағайлау. Оның біраз баурайына дейін атпен де
келуге болады. Ал, күнгей беті құж-құж қорқынышты жартастар. Кей тұсы
пышақпен кескендей тік құлама. Жартасында арқар секіріп, қуыс-қуысын
жабайы аң мен құс паналаған тау бұл. Жазда болмаса қарлы қыста ұшар
басына тірі жан шыға амайды.
Ықылым замандардан бері осы өңірдің алып ұстынындай аспанға
шаншылған бұл таудың бізге мәлім тарихының бірі — қазақтың соңғы ханы
Кенесары Қасымұлының өмірінің ақтық сағаттарына қатысты.
Қазақ елінің азаттығы жолында он жылдан аса ат белінен түспей от-
аршылдармен ашық майдандасқан есіл ер, Көкшеде туған арыстан 1847
жылы көктемде осы Әулие шоқының баурайында мерт болды. Бір-бірі-
не иек артқан Майтөбе, Кекіліксеңгір сол бір сұрапыл оқиғаға куә тарихи орындар

Қордай ауданының әкімдігі