Түлкіден туған арыстан…
Ертеде арыстанның түлкіден туған марғауы болыпты. Түр келбеті арыстанға ұқсағанмен, даусы шешесі түлкіге тартып, шіңкілдек болған екен.
Әу’ бастан мұны байқаған арыстан марғауына үн шығармай, өзгелерді тек айбарлы жүзімен сескендіріп жүруді бұйырады.
Бірақ күндердің күнінде шата арыстан әкесінің бұйрығын ұмытып, ашу үстінде үн шығарып қояды. Шіңкілдеген дауысты естіп, басқа аңдар шата арыстанға бағынбай кетіпті-міс…
P.S. Қисық пікірімен халықты дүр сілкіндіретін кейбір кісілердің кейде пікірінен пейілі, сұхбатынан ниеті аңқып тұрады. Сіз қалай ойлайсыз?……
Аяз би
.Мақсат Сөақовтың фб парақшасынан