ЖАУАПТЫ НАУҚАНҒА ДАЙЫНБЫЗ

⚜️Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы мәлімдеме жасады.
Өз сөзінде Мемлекет басшысы «Мен Конституцияға сәйкес, Парламент палаталарының төрағаларымен, Премьер-Министрмен кеңесіп, Мәжілісті тарату және мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлықтарға қол қойдым. Депутаттарға белсенді әрі жемісті жұмысы үшін алғыс айтамын. Мәжіліс пен мәслихат депутаттары еліміздегі ауқымды реформаларды іске асыруға барынша атсалысты. Олар сайлаушылармен жиі кездесу өткізді. Шалғайдағы елді мекендерге барды,-деді.
Ендігі кезекте бізді жаңа белестер күтіп тұр. «AMANAT» партиясы кезектен тыс Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауын өткізуді қолдайды. Себебі ол Қасым- Жомарт Тоқаевтың басты саяси институттарды модернизациялауды мақсат тұтатын саяси реформаларын жүзеге асырудың нақты жолы.
⚜️«AMANAT» партиясы алдағы сайлауға қатысуға толықтай дайын

Марат Нарымбек