ҚАЗАҚТА АР, ҰЯТ ҚАШАНДА ҚҰНДЫ БОЛҒАН

Өмір қызық…
Баяғыда ала дорбасын алып, ел базарға баратын.
Керегін алатын.
Ал, бүгінде әлеуметтік желіде, жүрегін ұстап, бақыт іздеп жүрген жандар…
Еркектің іздегені сұлу, ақылды әйел, ал әйелдің арманы сымбатты саналы, қалталы еркек…
Еркектер әйелдің алғашқы махаббаты болғысы келеді,
ал әйелдер еркектін соңғы сүйіктісі болғысы келеді…
Әрине, адам өмірге келгеннен кейін бақытты болуға тиісті…
Бірақ, апам айтқандай:»Бас- басына жақсы еркек қайдан табылады»- дегендей…
Тетігін тапса, түзелмейтін еркек жоқ. Еркекті күн ететін де, жүн ететін де әйел…
Ерте де әйел еркектен қорқатын, ал қазір, әйелі өлген
ер- азаматтар сүліктей жабысқан қыз-келіншектен қорқады…
Намыссыз, арсыз жаннан қоруы заңдылық…
Бұл да, қазақтың ұлттық тәрбиден алыстағаны…
«Ойы бұзық бұқа бұзау ішінде жайылар» дегендей…Осы желіде желігіп жүр…
Ақсақалды қарттарымыз баласындай қыздарға қырындап, ұятты ұмытты…
«Қатты айтсам, қарындасымның көңілі қалады»- деп ақыл айтатындар,
ендігі түрлері осындай…
Тағы айтсам, сіздерге жек көрінішті болармын…
Мен адамның бәрі бақытты болғаның тілеймін.
Тіпті, мені көретін жек жандарға да жақсылық болса деймін…
Бақытты болыңыздар!
РАЙХАН МАТАЙ