Кәсіпкерлер қатары 14,8 пайызға артты
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев жыл қорытындысы бойынша есеп берді. Басқарма басшысы өткен жыл қорытындысымен негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 423 миллиард теңгені құрағанын айтты.
– Оның ішінде сыртқы инвестициялар – 95 миллиард, ішкі инвестициялар 328 миллиард, жеке инвестициялар 303 миллиард теңге. Тікелей тартылған шетелдік инвестициялар 30 миллион АҚШ долларын құрады. Дегенмен биыл облыс алдына қойылған индикатор 572,2 миллиард теңге толық орындалады деп күтілуде. Өткен жылдың қорытындысымен «Бизнеске арналған үкімет» фронт кеңсесінде облыс әкімінің төрағалығымен өткен 23 өңірлік инвестициялық штаб отырысында құны 1,6 триллион теңгені құрайтын 15 шетелдік инвесторлардың қатысуымен 66 инвестициялық жоба қаралды. Штаб отырысы аясында 60 миллиард теңгеге инвестиция тартылып, 1,2 триллион теңгеге 17 инвестициялық жоба іске асырылуда, 400 миллиард теңгеге 12 перспективалық жоба әзірленді. Облысымызда 798 кәсіпорын бар, оның 13-і ірі, 23-і орта, 762-сі шағын кәсіпорындар. Жалпы өнеркәсіп саласында 40 294 адам жұмыспен қамтылған. 2022 жылы саладағы орташа жалақы мөлшері 252 мың теңгені құрады. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарына облысымызда жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 92 572 бірлікті құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 129,8 пайызға өсті. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыспен қамтылған адамдар саны 2022 жылдың 3 тоқсанына 143 520 адамнан асып, жыл басымен салыстырғанда 14,8 пайызға өскен. Облыс бойынша өткен жылы «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде барлығы 13,5 миллиард теңге қарастырылды. Биыл өңірге инвестиция тарту бойынша «Zhambyl Region – Centre of Asia 2023» инвестициялық форумы өтеді. Оған бүгінгі күннің өзінде қызығушылық танытып отырған шетелдік компаниялар да бар, – деді Спандияр Сейсебаев.
Ерман ӘБДИЕВ, Ақ жол газеті