СУ ҚОЙМАЛАРЫ МЕН ТОҒАНДАР ЗЕРДЕЛЕНДІ

Аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбеков, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Расул Султанов және аудан әкімінің бас
инспекторы Тимур Тұрсынбеков бастаған топ ауданда орналасқан су қоймалары мен су тоғандарының техникалық жағдайларына зерделеу жұмыстары барысында ауылдық округтерді аралады.

Зерделеу жұмыстарының нәтижесі бойынша ауылдық округ әкімдеріне және ағын су саласана жауапты мекеме басшыларына су тасқынының алдын алу мақсатында көпірлер, каналдар мен арықтардың жағдайын қатаң бақылауға алу тапсырылып, арық-атыздарды қар, мұздан тазалау керектігі айтылды.

Жамбыл ауданы әкімдігі