Сот қаңтар оқиғасының 9 қатысушысына үкім шығарды

Тараз қаласының №2 сотында жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру мен оған қатысу, жаппай тәртіпсіздіктерге қатысуға шақыруға, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау, алып жүру (ҚК-нің 272-б. 1,2,3-б., 287-б. 3-б.) бойынша айыпталған 9 сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотпен не анықталды:
Енгізілген шектеулер мен төтенше жағдай режиміне қарамастан, Б., Т., Е., К., Б., Р., Д., К., О. 2022 жылғы қаңтар айының 5-нен 6-на қараған түні өздерінің қоғамға қауіпті іс-әрекеттерін ұғына отырып, қирату, өртеу, мүлікті жою, атыс қаруын қолданумен, содай-ақ билік өкілдеріне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан жаппай тәртіпсіздікке қатысқан, билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбауға, жаппай тәртіпсіздік жасауға шақырып, оқ-дәрiлердi заңсыз иемденіп, сақтаған, тасымалдаған және алып жүрген ( ҚК-нің 272-б. 2,3-б., 287-б. 3-б.).
Сотталушылардың кінәсі оқиға куәгерлерінің айғақтарымен, бейнежазбалармен, сот сараптамаларының қорытындыларымен өзінің объективті дәлелін тапты.
Сот шешімі:
Сотталушылардың әрекеттері ауыр қылмыстар санатына жатады және оларды жасағаны үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Сотталушыларға жаза тағайындау кезінде сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде — жас балаларының болуын және тұрғылықты жері бойынша оң мінезделуін таныды.
Ауырлататын мән-жайлар ретінде қылмыстың төтенше жағдай кезінде жасалуы, сондай-ақ Б.-да қылмыстардың қауіпті қайталануын таныды.
Жасалған қылмыстардың қоғамдық қауіптілік дәрежесі мен сипатын ескере отырып, Б.-ға ҚК-нің 272-б. 2-б. бойынша 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы, әрекетінде рецидив болуына байланысты жоғары қауіпсіздік мекемесінде өтеуге тағайындалды.
Т.-ға ҚК-нің 272-б. 2-б. бойынша 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, «Рақымшылық туралы» Заңының қолданылуына байланысты сот залынан босатылды;
К. мен Е.-ге ҚК-нің 272-б. 2-б. бойынша 3 жылға бас бостандығынан айыру жазалары тағайындалды. «Рақымшылық туралы» Заңының қолданылуына байланысты жаза мерзімі ¾-ке қысқартылып, жаза мерзімінің өтелуіне байланысты К.- сот залынан босатылды, ал Е.-ге шартты түрде 9 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот үкімімен қайтыс болуларына байланысты жаза тағайындалмай, Д., К., О., Р. ҚК-нің 272-б. 2-б. бойынша жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу, Б. ҚК-нің 287-б. 3-б. бойынша жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу мен оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау мен алып жүру бойынша кінәлі деп танылды.
ҚК-нің 272-б. 1-б. бойынша Т.-ның, ҚК-нің 287-б. 3-б. бойынша Р.-ның әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ҚР ҚПК-нің 35.-б. 1-б. 2-т. негізінде ақталды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: Тараз қаласы №2 сотының баспасөз қызметі