7 жасар періште
Ширек ғасыр болды, қиындықтан көз ашпай келеді Сирия. Жаның ауырады. Жаны сірі боп кеткен бұл бейбақ адамдар үшін қиындықтар қазір өмір салтының бір бөлігіне айналды. Өз үстіне алып мүйістер құлап келе жатса да жанындағы інісін қорғап қалуға жеткен ерік-жігер осы «өмір салтының» бір көрінісі шығар.
Сирияда болған зілзала кезінде інісімен бірге қиранды астында қалған мына қаршадай қыз құтқаруға келген адамға: «Бізді құтқарып алсаңыз, сіздің күңіңіз болып өтейін» депті. Неткен ауыр?!
7 жасар періште 17 сағат бойы қирандылардың астында жатып інісінің басын қорғап жатыпты. Зады ана ғой…
Екеуі үйінділердің атында жатып не жайлы ойлады, нені арманды, інісін не деп жұбатты екен?!
Тәңірі осы балалардың арманын асқақ қыла көр! ️
Бақытбек Қадыр