7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Байзақ ауданы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жайылым жер учаскелерінің жалпы көлемі 100 005,0 гектарды, ал, елді мекеннің жайылымы 17805,3 гектарды құрайды. Жалпы, шаруа қожалықтардағы мал басына жетіспейтін жайылым көлемі 58 750,5 гектар. Сондай-ақ, жалпы елді мекендердегі мал басына жетіспейтін жайылым көлемі 121 391 гектарға жетіп отыр. Елді мекендегі жайылым жетіспеушілігін шешу мақсатында, өткен жылы тамыз айының 9-ы күні Байзақ ауданы әкімдігі және аудан прокуратурасымен жұмыс тобы құрылып, аудан аумағындағы пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы 24 мың гектар жайылым жерлер анықталды. Нәтижесінде, бүгінгі таңда, әр ауылдық округтегі шаруа қожалықтарына игерілмеген жерлерді мемлекетке қайтару бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 7 мың гектар жайылым жерлер мемлекеттік жер қорына қайтарылды. Ауылдық округтердің елді мекендердің 5 шақырым радиуста орналасқан жайылымдарды қайтару бойынша мемлекетке 1,5 мың гектар жайылым жер телімдері қайтарылды. Алдағы уақытта пайдаланылмай жатқан жайылым жер телімдерін мемлекетке қайтару бойынша жұмыстары жалғасатын болады.

Байзақ ауданы прокуратурасы.