Жуалы ауданында көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді
Жуалы ауданының 95 жыл мерей тойына орай, аудан әкімі Мұртаза Жалғас Әлижанұлы жаңа қоныстанушыларға пәтер кілтін табыстады. Пәтерлер кезек бойынша көп балалы отбасылар, халықтың әлеуметтік осал топтары арасында бөлінді.
Тұрғын үй үш қабатты 18 пәтер барлығы екі бөлмелі, жалпы ауданы 1126 шаршы метр. Үй жылу жүйесімен, су және электрмен жабдықтау желілеріне қосылған.
Құрылыс жұмыстарын «Бином» ЖШС жүргізді.
2023 жылы тағы 18 пәтерлі бір үйдің құрылысын жүргізу жоспарда бар.
Жуалы ауданы әкімдігі