ҚОНАҚТЫҢ ҚҰДЫРЕТІ

Арыстан қарт екі дөңгелекті жеңіл арбаға жеккен атпен Жаңақала жағында жолаушылап жүріп далада мал бағып отырған таныс жігітінің үйіне түстене кетейін деп бұрылыпты. Үйдегі жас келіншек келген жолаушыны ұнатпай, ішінен:
Өмір айнасы тобына қосыла отрыңыз
«Үсті шаң-шаң болып ел қыдырып жүрген қайдағы ақсақ шал қайдан келеді осы?!» – деп ойлапты. Малшы жігіт малдан келе қоймаған екен. Келіннің ойын білген Арыстан қарт үйге кірмей доғарулы арбаның көлеңкесінде тоқым-көпшігін төсеніп қисайып жатыпты. Бір мезгілде малшы жігіт келіп Арысекеңді танып, көрісіп:
– Сыртта не ғып жатырсыз, үйге кірмейсіз бе? – десе:
– Кіремін ғой. Кішкене таза ауада жата тұрайын – депті.
Сөйтіп жатқанда сыртқа кіріп-шығып тамақ әзірлеп жүрген келіншек босағаға сүрініп, үлкен башайын шығарып алып ойбай салды дейді. Үй иесі мұның тегін емес екенін біліп әйеліне:
– Сырттағы қартты жақтырмай, бірдеңе ойладың-ау! Сені сол кісінің аруағы жазалаған шығар, әйтпесе тал түсте табалдырыққа сүрініп не болыпты?! Бұл тегін кісі емес, Тайпақта тұратын Арыстан деген әулие қарт осы. Барып сен үшін кешірім сұрайын – деп Арыстанға келіп:
– Келініңіздің бір білместігі болса кешіріңіз! Айып бізден – десе, Арыстан қарт:
– Оқасы жоқ. Шыққан башайды кәзір салып беремін, келінжан бұдан былай абайлап жүрсін! – деген екен.

Жəнібек Əбілпейсов