Жамбылдық полицейлер қар құрсауында қалған көліктердi шығаруда
Талас ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері тұрғындарды табиғи апаттан қорғау жұмыстарын жүргізуде.
Мәселен, Қаратау қаласының кiре берiсiнде полицейлер қар басып қалған автокөлікті байқайды. Қалың қардың әсерінен түн ішінде көлік қозғалысы тоқтап, жүргізушiсi сыртқа шыға алмаған.
Полиция қызметкерлері жедел түрде оны құтқару әрекетiне кiрiседi. Күрекпен қарды аршып, көлікті қазып алады. Автокөліктi сүйреп апаратын эвакуаторды шақырады.
Нәтижесінде автокөлік қар кұрсауынан босатылып, содан кейін полиция қызметкерлерінің сүйемелдеуімен қауіпсіз жерге шығарылды.
Құтқарылған азамат полицейлерге дер кезінде көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.
Қазіргі уақытта ауа-райының күрт өзгеруiне және жолдардың көрінуi шектелуіне байланысты республикалық маңызы бар «Тараз-Шымкент» автожолдарында көліктің барлық түрлері үшін 534-тен 593-шақырымға дейінгі қозғалыс аумағы жабық.
Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары, өте сақ болыңыздар! Қолайсыз ауа-райы жағдайында сізден үйде болуды және көлікпен жүруден бас тартуды сұраймыз!
Жамбыл облысы Полиция департаменті