Ақтөбе облысының экс-әкімі қамауға алынды
Ақтөбенің мамандандырылған тергеу соты өңірдің бұрынғы әкімі Ермек Имантаевты қамауға алу туралы шешім шығарды.Ол лауазымдық өкілетін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. «Ақтөбенің мамандандырылған тергеу сотының 10 ақпандағы шешімімен ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабының 4-бөлігі «Лауазымдық өкілетін асыра пайдалану» бойынша қылмыс жасады деген күдікті И.-ға қатысты 2023 жылғы 8 сәуірге дейін екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды», — деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі. Ермек Имантаев 2002-2004 жылдары Ақтөбе облысы әкімі қызметін атқарды.
Zakon.kz. ақпараттық агенттігі