Қазақстан халқының саны 269 мың адамға артты
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстандағы халық саны 19 765 004 адамды құрайды, оның ішінде қала тұрғындары – 12 208 259, ауыл тұрғындары – 7 556 745 адам, деп хабарлайды elana.kz Zakon.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.
12 ай ішінде Қазақстанда 403,5 мың адам (2021 жылы 450,7 мың адам) дүниеге келді , оның 208 мыңы – ұл балалар, 195,5 мыңы – қыз балалар.
Туу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 20,28 құрады.
134,7 мың адам — қайтыс болған, бұл ретте 1000 адамға шаққанда өлім-жітім коэффициенті 6,77 құрайды.
Жалпы, бір жыл ішінде халықтың табиғи өсімі 268,8 мың адамды құрады (263 мың – 2020 ж., 267 мың – 2021 ж.).
Ең жоғары туу көрсеткіші Маңғыстау (1000 тұрғынға 27,75 адам), Түркістан (27,23) облыстарында және Шымкент қаласында (26,34) байқалады.
Ең жоғары өлім-жітім көрсеткіші Солтүстік Қазақстан (1000 тұрғынға шаққанда 11,84), Шығыс Қазақстан (11,71) және Қостанай облыстарында (10,82) байқалады, бұл осы облыс халқының жас құрылымымен байланысты.
12 айда 1 жасқа дейінгі 3 215 нәресте қайтыс болды.
2022 жылы 128,5 мың неке тіркеліп, 2021 жылғы 12 аймен салыстырғанда неке саны 8,4%-ға төмендеді.
Неке коэффициенті 1000 адамға шаққанда 6,46 құрайды.
Сонымен қатар, 17,7 мың ажырасу фактісі тіркелді, бұл 2021 жылғы деңгейден 8,1%-ға аз. Ажырасу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 0,89 құрады.