Өміріңізге қауіп төнбес үшін, алдымен, жақсылап тексеріп алып, кәсіби клиникаларды таңдаңыз!
Қаңтар айының соңында түнгі сағат үште жас әйел шұғыл түрде Жамбыл облыстық көпсалалы ауруханасының гинекологиялық бөлімшесіне қынаптағы және іштің төменгі бөлігіндегі қатты ауырсынуларға шағымдып түсті. Науқастың айтуынша, ол бір күн бұрын қаланың жеке клиникаларының бірінде плазмогель және интимдік аймақты плазмолифтинг процедураларын жасатқан. Манипуляциялар қынаптың терең тамырларына зақым келтіргендіктен, бұл ретроперитонеальді кеңістікке өту арқылы паравагинальды талшық гематомаларының пайда болуына себеп болған.
Жағдайдың ауырлығын ескере отырып, шұғыл түрде науқасқа операция жасалды.
Ішкі мықын артерияларын байлап, тамырлы хирургтардың қатысуымен күрделі қуыс операциясы шұғыл жасалып, оның нәтижесінде жас әйелдің өмірі сақталды. Жалпы қан жоғалту бір литрден асты.
Осы орайда, біз барлық косметологтарға, орта және кіші медициналық қызметкерлерге ескертеміз. Мұндай процедураны әйел жыныс мүшелерінің топографиясын білетін білікті гинекологтар жүргізуі керек.
Құрметті қыздар, әйелдер! Мұндай жағдайда, өміріңізге қауіп төнбес үшін, алдымен, жақсылап тексеріп алып, кәсіби клиникаларды таңдаңыз!
Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі