Мұқан Төлебаев қазақ музыкасының классигінің қойын дәптерінен қысқаша дерек

Қазақ музыкасының классигі Мұқан Төлебаев (1913-1960)-Европа және орыс компазиторлары өнерінің классикалық үздік үлгілерінен көп үйреніп, жақсы қасиеттерін бойына творчестволықпен сіңіре білген дарынды композитор. Мұқан өз творчествосын әуелі халық әндерін фортепианоның сүйемелдеуімен айтуға лайықтап, өңдеуден бастады. Бұл саладағы тұңғыш еңбегі халық әні «Шайтанқара» еді. Оның қолжазба дәптерінде «Ән 10.5.1938 жылы жазылды» делінген. Дәптердің екінші бетінде халық әндері «Ғалия» мен «Қыпшақтың» ноталары жазылған. Ал «Кешкі көк», кейінде «Май кеші» атанған ән-романстары Мұқанның 1938 жылы өзі шығарған тұңғыш вокалдық шығармасы болатын.

Мәриям Ахметованың «Ән өнері және уақыт» кітабынан. Әзірлеген Бүркітбаева Гүлгаухар
Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы