АБАЙҒА

Осы күнде арамыздан кемеңгерлігін Алаш зиялыларының өзідері мойындаған, алып тұлға Абайды да, айыптайтындар шығып жатыр.

Асыл едің, ақыл ойдың кені едің,
Ақындардың, арыстаны сен едің.
Өреңменен өрнектеліп өлеңің,
Сен арқылы бізге жетті,
Нақыл сөзі, ақыл сөзі көненің.

Заманынан оза туған зерегім,
Өнегенің сенен алдық керегін.
Кісіліктің сенен көріп кемелін,
Рухтың да сенен алдық көрегін.

Басқалардан нарқы қымбат бөлегім,
Заманыңда сен бір оқшау төбе едің.
Еңбегіңнің елің жасап төлемін,
Құзар-шыңға айналды енді көлемің.

Ойыңдағы жүзеге аспай дегенің,
Күйін кештің шөлде қалған кеменің.
Жұртың үшін зар илеген кемелім,
Не көрмедің, нендей қайғы жемедің.

Керек болмай ақыл, кеңес, көмегің,
Уайымнан уға толып көмейің,
Маң далада «Мыңмен жалғыз алысып»,
Түсінікті, жұртым надан дегенің.

Жамандармен жауласқан жан сен едің,
Бұл күнде де ғайбаттап жүр сені, Ерім.
Мінеді деп, сынады деп өз елін,
Мұң-қайғыңның білмейтіндер себебін.

Ұғатындар асыл ойдың өзегін,
Аялайды, ардақтайды өренін.
Өлең сөзден өрнек соққан шеберім,
Бигіңде қаласың Сен сенемін!

Р.S.
Жыр жампозын жамандаған желөкпе,
Өз ойыңды өзің салшы елекке.
Бойындағы кем-кетігін көрсеткен
Алаш үшін Абай айна емес пе,
Ал айнаға айып тағу керек пе?

Авторы: Мұқтарбек Тұрысбекұлы 20.12.2020 ж.