«AMANAT» партиясының 90 кандидатын ресми түрде тіркеді

Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізім бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі сайлауына «AMANAT» партиясының 90 кандидатын ресми түрде тіркеді.


Орталық сайлау комиссиясы өкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін партиялық тізімге енгізілген адамдардың Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігіне арнайы тексеру жүргізіп, тізімге енгізілген барлық адам Конституцияның және Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келетіндігі ресми мәлімдеді.


«AMANAT»-тың Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев партияның партиялық тізімде 90 адам барын, оның 29-ы – әйелдер, жастар және ерекше қажеттіліктері бар адамдар екнін, сондай-ақ, тізімге енгізілген жалпы санның 32,2%-ын құрайтынын атап өтті.


Жиыннан кейін журналистердің сауалдарына жауап беру үшін арнайы брифинг өтті.
Осыдан тура бір апта бұрын Орталық сайлау комиссиясына партиямыздың атынан Мәжіліске ұсынатын кандидаттардың тізімі ұсынылған. Барлық кандидат талапқа сай екені, сайлау кезеңіне өтетіні хабарланды. Енді алда сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталады.

Жанарбек Әшімжан ФБ парақшасынан