«Аты аңызға айналған алып тұлға» атты әдеби криуз

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бастамасымен «Бір өңір-бір кітап» акциясы жарияланды. Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен акция аясында Кеңес Одағының Батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, Халық қаhарманы Бауыржан Момышұлының шығармаларын насихаттау мақсатында «Аты аңызға айналған алып тұлға» атты әдеби криуз өткізілді.
Әдеби круизге оқудан қол үзбейтін кітапхананың белсенді әрі тұрақты оқырмандары арнайы шақырылып, қатысты.
Іс-шара барысында аты аңызға айналған жаужүрек батыр, даңқты қолбасшы, қарымды қаламгер Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығы жан-жақты талқыланып, батыр тұлғаға қатысты қызықты деректер мен өсиет сөздері туралы бейнеролик көрсетілсе,арнайы дайындалған «Тұлғасы тұңған тәлім, есімі елге мәлім-Бауыржан Момышұлы» көрме инсталляциясына шолу жасалды.
Іс-шара барысында оқырмандар арасында «Ұшқан ұя» повестіне арқау болған Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығын, батырдың төл туындылары мен естеліктері; Осы туынды арқылы шығармашылық, бауырмалдық қарым-қатынасты жас ұрпаққа үлгі ету; Б.Момышұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты қырларын кеңірек ашу; «Ұшқан ұя» повестінде сомдалған образдар бейнесіне сипаттама беру; Ақынның шығармашылық ізденісі бойынша пікір алмасты.
«Аты аңызға айналған алып тұлға» атты әдеби круиз қатысушыларына шығармашылық табыс тілей отырып, өте керемет, әсерлі кеш болды.
«Бір өңір-бір кітап» акциясын жалғастыру мақсатында «Саяхатшы кітап-2023» эстафетасы Қорағаты және Бәйтелі ауылдық кітапханаларына табысталды.

Тұрар Рысқұлов аудандық кітапханасының кітапханашысы А. Искакова