Жеңіс тұғырынан көрінді
Бүгін Жаңатас көпсалалы колледжінің спорт залында кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толу құрметіне арналған үстел тенисінен аудандық турнир өткізіліп, аудан әкімінің кубогы сарапқа салынды.
Турнирге аудан мекеме, кәсіпорын, мектеп, ауыл, қала әкімдіктерінен барлығы 18 команда қатысты. «Қазфосфат» ЖШС «Қаратау» тау кен өңдеу кешенінің үстел теннисі бойынша командасы да осы айтулы жарысқа қатысты. Жақсы дайындықпен келген кешен командасы барлық қарсыластарын тізе бүктіріп, турнирдің бас жүлдесі аудан әкімінің кубогына ие болды.
Бас жүлде үшін болған финалдық ойында «Қаратау» ТКӨК командасы Еврохим командасын 2:1 есебімен ұтты. Жүлделі екінші орын Еврохим командасына, үшінші орын көпсалалы колледж ұжымына бұйырды.
Кешен құрама командасының құрамында бас энергетик Прекешов Н.Ә., электро монтерлер А. Түсіпбекова, Қарақұлов Ғ, маркшейдер Өтепбергенов К өнер көрсеткен еді.
Жеңіс тұғырынан көрінген команда мүшелерін «Қазфосфат»ЖШС бас директорының» Қаратау»тау кен өңдеу кешені жөніндегі орынбасары Макишев М. М қабылдады.
Кешеннің атын биіктен көрсеткен спортшыларға құтты болсын! Әрдайым биікте болыңыздар деген тілек айтамыз.
Диханбай Акдилда