Жамбыл облысында іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі қылмысы үшін іздеуде жүрген күдіктіні ұстады, — деп хабарлайды elana.kz Tengrinews.kz тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
30 жастағы ер адам Байзақ ауданынан табылды.
«Күдіктіге 2022 жылдың 2 желтоқсанында іздеу жарияланған болатын. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Яғни үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген», — деді Әлім Бажықбаев.