Еліміз Түркияға кезекті көмекті жөнелтті
Түркияның зілзала болған аймағына Қазақстаннан 27 тонна гуманитарлық жүк тиеген кезекті ұшақ жетті, деп хабарлайды elana.kz Хабар24-ке сілтеме жасап.
Зілзаладан зардап шеккендерге шатыр, жылытқыш, жылы киім және басқа да қажетті заттар жіберілді. Осы ұшақпен біздің құтқарушыларымыздың алғашқы легі елге қайтады.
Сондай-ақ Қазақстан Елшілігінің ұйымдастыруымен келген ұшақпен Алматыға 10 азамат, оның ішінде 7 Қазақстан азаматы, 3 Түркия азаматы Алматыға қайтарылады.
Айта кеткен жөн, біздің құтқарушылар үйінділер астынан 8 адамды аман алып шықты. Сондай-ақ 88 адамның жансыз денесін де шығарды. Төтенше жағдайлар тобы Газиантеп қаласында 3 учаскеде және Нұрдағы қаласындағы 1 учаскеден жұмыс істеді.
Құтқарушыларлың келесі легі бүгін оралады деп жоспарланған.