Аз күнде арықтауға болады
Қысқа уақытта дене мүсініңіздің сымдай болып тартылуға көмектесетін тәсіл бар. Бұл әдіс аптасына бір кило салмақ тастауға көмектеседі. Сонда әр аптада осынша салмақ азайта отырып, өзіңіз қалаған межеде тоқтай аласыз. Ол үшін салмақтан бөлек, судың және майдың мөлшерін көрсететін таразыны пайдалансаңыз болады.
Су ішіңіз. Тамақты аз-аздап жейсіз де, суды көбірек ішесіз. Әр қарныңыз ашқан сайын су ішіп, 10 минут күте тұрсаңыз асқазаныңыздағы «шу» басылады деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Ал бұл уақытта су ағзаңызды – асқазан, ішектеріңіз,і тіпті өт пен бауырды артық қалдықтан шайып жатады.
Көп қозғалыңыз. Жүріңіз, жүгіріңіз, баспалдақпен көтеріліп-түсіңіз, еден жуыңыз, әйтеуір тынымсыз болыңыз. Ол дене жаттығуымен тең.
* Қою тамақты азайтып, орнына түске дейін тәтті шоколад немесе печенье жеңіз, түсте сұйық тамақ, кешке жеңіл салатты місе тұтуға тура келеді.
Жеміс-жидекті қалағанынша тұтыныңыз. Ол реңіңіздің тазарып, өзіңізді жеңіл сезінуге көмектеседі. Тым болмағанда күніне бір алма мен бір банан жегеніңіз жөн.
Күнде түске дейін және түстен кейін жарты сағат уақыт тауып, оңға және солға иіліңіз деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Бұл мықынның сүйектеріне арналған жаттығу әрі ондағы май қалдықтарының ыдырауына сеп. Ал шығыс биін билесеңіз, қарындағы май ыдырайды.
Мына қызықты қараңыз: кешегі тамақты ысытып, оған дәмдеуіш қосып жейтін болсаңыз, тез тояды екенсіз. Себебі жылытылған тамақты адам жаңа піскенінен 10 пайыз аз жейді және тез тояды. Бұл әдіс аз тамаққа тез тою әдісі болып саналады.
Жұмыс күні ортасында миыңызды, ағзаңызды тынықтыруға 30 минут уақыт табыңыз. Бұл кезде бөлмеде тыныш та жайлы музыка ойнап тұрса жақсы. Ал сіз қиялға беріліп, тек жақсы нәрсе ойлаңыз. Бұл ішкі ағза сұлулығын ашатын құпия. Себебі ағза энергиясы тыныштықта толысады, ал мұндай қуат әрдайым маңызды.
Жарас ҚАСЫМ.
«Ауырмаңыз!» газеті