АДАМ МЕН ҚҰРМА АҒАШЫНЫҢ 7 ҰҚСАСТЫҒЫ

1. Адам секілді құрма ағаштарының да орташа жасы 60-70 жыл. Ал ең ұзақ ғұмырлысы 100-110 жыл.
2. Адам секілді құрма ағашының ең жемісті кезі 15-45 жас аралығында болады. 60 жастан кейін жеміс бермейді.
3. Құрма ағаштары да адам секілді еркек-ұрғашы болып бөлінеді. Адам шашы тәрізді еркектерінің жапырағы тік және қысқа болса, ұрғашыларынікі ұзын және төмен қарай жайылып өседі.
4. Олар өзге өсімдіктер секілді тозаңдау жолы арқылы емес, ұрықтандыру арқылы көбейеді. Еркегінің ұрығын алып, ұрғашысына салып, қолдан ұрықтандырылады екен.
5. Жас ағаш ананың құрсағы секілді бүйірінен томпайым өсіп шығады. Белгілі бір уақыттан кейін ол ұрғашы құрма ағашының бүйірінен бөліп алынады да, жақын жерге отырғызылады. Егер анасынан алыс жерге отырғызылса, өліп қалады.
6. Адам басы секілді құрма ағашының да жоғарғы жағында «жумра» атты домалақ басқару жүйесі орналасқан. Басқа ағаштардың жоғарғы жағын кесіп алып тастасаңыз, жанынан бұтағын жайып, өсіп кете береді. Ал құрма ағашы олай емес. Жұмрасын кесіп тастасыңыз, ағаш қурап кетеді. Яғни, өліп қалады.
7. Адам сусыз өмір сүре алмайды. Құрма ағашы да басқа ағаштарға қарағанда суды көбірек қажет ететін өсімдік. Ағашты күніне суарып тұру қажет екен.